1 МАМЫР – БІРЛІК КҮНІ. БҰЛ ЕЛІМІЗДЕ ТАТУ-ТӘТТІ ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН КӨП ҰЛТТЫҢ БІРЛІГІ ТОЙЛАНАТЫН КҮН. СОНДАЙ-АҚ БИЫЛ БАРЛЫҚ ЭТНОСТЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛДЫ. ГАЗЕТІМІЗДІҢ МЕРЕКЕЛІК НӨМІРІНДЕ АТАЛҒАН МЕРЕКЕНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚАНДАЙ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ИЕ ЕКЕНІ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ АУДАН АУМАҒЫНДА БІРЛІК КҮНІНІҢ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАТЫНЫ ЖӨНІНДЕ ТАРҚАТАМЫЗ.
АССАМБЛЕЯ ЖАЙЫНДА…
Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бұл ұйым 1995 жылы құрылып, елдегі түрлі этностар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын, бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды институтқа айналды. Ассамблеяның мақсаты — қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету. Алғашында оның мәртебесі Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган болып бекітілді. Деседеассамблеяаталған мәртебеден де мықты құқықтық негізі мен қоғамдық-саяси мәртебесі бар конституциялық органға дейін өсті.
Мемлекет басшысы АссамблеяұсынғанПарламентСенатының 5 депутатын тағайындайды. Ел аумағында мыңнан астам этномәдени бірлестіктер, аналар кеңесі және ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Одан бөлек, Президент тапсырмасыменқұрылған «Ассамблея жастары» бірлестігі мен медиация кеңесі белсенді жұмыс істейді. Өңірлерде ашылғанДостық үйлері де этномәдени бірлестіктердің ғана емес, жергілікті қауымдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастардың ортасына айналды. Отыз жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымынығайып, қоғамдыұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
АУДАНДА 20-ДАН АСТАМ ҰЛТ ӨКІЛІ ТҰРАДЫ
Ақтөбе облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы 1998 жылы құрылды. Ассамблеяның жоғары органы — облыс әкімінің төрағалық етуімен өтетін Сессия болып табылады. Бүгінде облыста 90-нан астам этнос өкілдері тұрады, 17 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 16 Ақсақалдар кеңесі, 175 Аналар кеңесі, этномедиация кеңесі, ғылыми – сараптамалық топ, журналистер клубы, Ассамблея жастары, «Жомарт жан» орталығы жұмыстарын жалғастыруда. Ал ауданда 20-дан астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Атап айтатын болсақ, аудан тұрғындарының 3,4 пайызын орыстар, 1,7 пайызын украиндар, 0,6 пайызын татарлар, 0,2 пайызын немістер, 0,2 пайызын шешендер, 0,15 пайызын өзбектер, 0,1 пайызын башқұрттар, 0,07 пайызын кәрістер, 0,04 пайызын әзірбайжандар, 0,04 пайызын қырғыздар, 0,03 пайызын армяндар, 0,02 пайызын эстондар, 0,02 пайызын поляктар, 0,01 пайызын чехтер, 0,01пайызын түрікмендер, 0,01 пайызын венгрлер, 0,01 пайызын гректер, 0,08 пайызын өзге ұлттар құрайды.
Аудан аумағында этномәдени бірлестіктер жоқ. Дегенмен Ассамблея жанынан құрылған аудандық ақсақалдар кеңесі мен аналар кеңесі жұмыс жасайды. Аудандық ақсақалдар кеңесіне Құралбай Байсұлтанов, аналар кеңесіне ЖұмагүлАсабаева төрағалық етеді. Аналар кеңесінің төрағасы ЖұмагүлАсабаева кеңестің құрамында көп балалы аналар, патронат аналар, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, психологиялық-медициналық мекемелердіңжәне дағдарыс орталықтарының мамандары, әйелдердің қоғамдық ұйымдарының белсенділері, медиаторлар мен жастардың барын айтады.
—Аналар кеңесінің басты мақсаттарының бірі – отбасында толеранттылықты тәрбиелеу. Көпэтносты мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды ескеретін болсақ, бұл – үлкен маңызға ие мәселе. Бала бойына басқа ұлт өкілдеріне деген достық пейіл мен мәдениетті қарымқатынастың негіздерін қалай отырып, толерантты тұлға қалыптасатыны сөзсіз. Сол себепті біз адамды дініне, ұлтына бөлмей, бірдей деңгейде қарымқатынас орнатамыз. Сонымен бірге жұмысымыздың негізгі бағыттары — елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсету, отбасы институтын сақтап-нығайтуға ықпал ету, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу және өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Біз түрлі іс-шаралар арқылы берекелі отбасыларды насихаттаймыз. Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды түсіндіру бойынша қызметтер атқарып, қайырымдылықтардан да тыс қалмаймыз, — деді Жұмагүл Асабаева.
МЕРЕКЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 мамыр – Бірлік күні аудан көлемінде кең көлемде аталыпөтеді. Бұлтуралыаудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мамандары айтты. Аталған мереке 1 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде «Ұлт бірлігі — ұлы байлық» тақырыппен аталып өтеді. Сонымен бірге Ақкемер ауылдық мәдениет үйінде «Дос болайық бәріміз!», Ащысай ауылдық мәдениет үйінде «Бірлігіміз жарасқан», Талдысай ауылдық мәдениет үйінде «Береке бастауы – бірлік, ел іші тату-тірлік», Жұрын ауылдық мәдениет үйінде «Ел бірлігі – ең асыл қасиет», Сағашилі ауылдық клубында «Ырыс алды ынтымағы жарасқан — Қазақстан», Еңбек ауылдық клубында «Ұлттар достығы», Көтібар ауылдық клубында «Тілі басқа, тілегі бір» атты жалпы халықтық іс-шаралар ұйымдастырылады.
—Бірлік күнін ұлықтауға бағытталғанмәдени шаралар Ембі және Жем қалаларында да өтеді. Айталық, Ембі қалалық мәдени орталығында «Бірлігіміз жарасқан — Тәуелсіздік Қазақстан» атты мерекелік концерт өтсе, Жем қалалық мәдениет үйінде «Бірлігі жарасқан ел» тақырыбында өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін насихаттау шарасы ұйымдастырылады. Сонымен бірге Ембі қалалық мәдени орталығына қарастыҚаракөл, Қайыңды, Құмсай, Жаңатұрмыс ауылдық мәдениет үйлерінде де бірлігімізді нығайтуға бағытталған мәдени шаралар өтеді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде мерекені насихаттауға арналған бейнероликтер көрсетіледі. Ал аудан аумағындағы барлық кітапханаларда ұлт өкіл-дерімен кездесу, отбасыларымен сұхбат құру, кездесу кештері, би байқаулары өткізіледі, — деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина.
БІРЛІК КҮНІ – БІЛІМ САЛАСЫНДА
Бірлік күнін насихаттау, халықтар арасындағы достықты нығайту, болашақ ұрпақтың жадына отансүйгіштікті сіңіруге бағытталған жүйелі жұмыстар білім саласында да жасалып келеді. Мерейлі мерейтой қарсаңында аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында датүрлімәдени шаралар өтеді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол аудан мектептерінде «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты партиоттық челлендждердің өтетінін айтты.
-Әлеуметтік желілерде «Бір шаңырақ астында», «Дос болайық біріміз», «Қазақстанның бірлігі – халықтар достығында», «Әрқашан күн сөнбесін!» интеллектуалды викториналар мен флешмобтар, этнос өкілдерінің қатысуымен дөңгелік үстелдері мен кездесулер ұйымдастырылады. Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында тақырыпқа сай кітап көрмелерін, эссе және сурет байқауларын өткізуді жоспарлап отырмыз. Мектепішілік жас сарбаздардың да байқаулары өтеді, — деді бөлім басшысы.
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІН ҰСТАНАМЫЗ
Нафига АШИМОВА, татар ұлтының өкілі:
-Мен Қазақстанда 1986 жылдан бері тұрамын. Алғашында жеті жыл Шымкент облысында тұрдым. Кейін 1993 жылдан бері ауданға қарасты Ақкемер ауылында отбасымен бірге керемет өмір сүріп жатқан жайым бар. Өзім Татарстанда дүниеге келдім. Атаанаммен тума-туыстарымҚазақстан туралы жақсы пікірде. Олар мұнда қонақ болып келіп тұрады. Қазақтарды қонақжай, мейірімді деп санайды. Мен қазақ елінде тұрып жатқанымды мақтан тұтамын, оларды қатты сыйлаймын. Осы жердің тұрғындарымен бірде-бір рет сөзге келіп, ұлтқа бөлініп, араздасқан емеспін. Қазақ халқының қарапайымдылығы ұнайды. Жолдасым Ринат Ашимов екеуміз 5 бала тәрбиелеп өсірдік. Балаларымыз да қазақ тілін жетік меңгерген. Өйткені, өмір сүріп жатқан жердің тілін білу – міндет және заман талабы. Біздің отбасымыз қазақ халқының салтдәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын ұстанамыз. Айталық, қыздарымыздықыз ұзату дәстүрі бойынша ұзаттық. Соныменбірге бесік той, қырқынан шығару, тұсаукесер секілді салт-дәстүрлерді өткіземіз. Отбасым мен дайындаған қазақтың ұлттық тағамдарының барлығын дерлік сүйсініп жейді.
ҚАЗАҚТАРҒА ҚҰРМЕТІМ ШЕКСІЗ
Наталья ЛЕМЕЖИС, орыс ұлтының өкілі:
-Мен Ембі қаласында дүниеге келдім. Атаанам да осы жердің тумалары. Ал атам мен әжем 1949 жылы ұжымдастыру кезінде Украина мемлекетінен қоныс аударған. Біз көп ұлтты отбасымыз. Анам укра ин, әкем орыс. Ал жолдасым Виталий Лемежистіңұлты — латыш. Менәрдайымқазақ еліммен мақтанамын. Қазақтар өте қонақжай, мейірімді, қайырымды жандар. Ата-анам да қазақ халқын өте құрметтейді. Біз қазақ халқының салт-дәстүрін сақтап, ұлттық тағамдарын дайындаймыз. Балаларымыз орыс сыныбында оқығанымен, қазақ тілін жетік біледі. Біздің отбасымызда барлық ұлттың тағамдары дайындалады. Айталық, латыштың картоптан жасалатын зраздар тағамын, орыстың борщын, украиндардың ірімшік қосылған вареникиін, қазақтардың етін асып, бауырсағы мен жент тағамдарын дайындаймыз. 1 мамыр – Бірлік күні барлық отбасы мүшелерімен жиналып, көңіл көтеріп, қонақ күтеміз. Жемқалалық кітапханасында еңбек етіп жүргеніме 25 жылдан асты. Анам да 35 жыл кітапханада жұмыс жасады. Содан болар менің бала кезден кітапханаға деген ықыласым жоғары болып, осы мамандықты таңдадым. Кітапхана – руханиятордасы. Кітапханаұжымықандаймереке болмасын кең көлемде аталып өтеді. Айталық, 1 мамыр – Бірлік күні қарсаңында түрлі челлендждер мен кездесулер ұйымдастырып, өзге ұлт өкілдерін сұхбатқа тартамыз.