«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРЛІК — БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ембі қалалық балалар кітапханасында “Бірлік – бақыттың бастауы”атты танымдық библиошар ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды.
Шара барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері мен тағамдары туралы қызықты мәліметтермен танысып, өзара ой бөлісті. Қазақ, орыс, өзбек, кәріс, ұйғыр, украин, татар, неміс ұлттары жайында ақпараттар ұсынылды.
Балаларға арналған танымдық викториналық сұрақтар түрлі-түсті шарларға жасырылып, оларды табу арқылы жауап беру ойыны ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар ұлттық ойындар ойнатылып, бірлік пен достық туралы өлеңдер оқылды. Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әні хормен орындалып, келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Кітапханашылар «Достық пен татулық – ел тұтастығының кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасап, көпұлтты Қазақстанның рухани байлығы туралы әңгімеледі.
Шара соңында оқушылар еліміздің бейбіт өмірі мен этносаралық татулығын мақтанышпен атап өтсе, ұйымдастырушылар шараны «елдегі бірлікті сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы» деген оймен түйіндеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтарға жыл басынан бала күтіміне байланысты қанша жәрдемақы төленді

admin_mugalzhar

Бағасы жағынан АЭС-тің қандай технологиясы тиімді? — сарапшы жауап берді

admin_mugalzhar

Сенбі күні жаңбыр жауғанымен, аптап ыстық қалады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.