«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АСАР ҮМЕ» ҚОРЫ ҚАНДЫАҒАШТЫҚ БІР ОТБАСЫН ҚУАНТТЫ

ЕЛІМІЗДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАСПАНА АЛУЫНА АТСАЛЫСЫП ЖҮРГЕН «АСАР ҮМЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ҚАНДЫАҒАШТЫҚ АБАШЕВТАР ОТБАСЫНА КЕЗЕКТІ ҮЙІН ТАБЫСТАДЫ.
Құрылғанына 4 жыл болған «Асар үме» қоры осы уақытқа дейін республика бойынша 3500 отбасын қуантып, баспаналы болуға көмектескен.
— Бұл науқан «Асар наурыз» аясында 100 отбасы мен 500 балаға үй алып беру мақсатында қолға алынған еді. 2021 жылы «Асар үме» қорының мүшелерімен танысқан едім. Қала жанашыры ретінде жағдайы төмен отбасылар тізімін беріп, бірге жоспар құрдық. Содан бері осы қор-дың команда мүшесі ретінде жұмыс жасадым. Арада екі жыл өткеннен кейін ғана біздің ауданнан бір отбасына баспана бұйырып отыр. Бүгінде аталған қордың ал-ғашқы баспанасының кілті Ақмарал есімді кәмелетке толмаған 5 баласы бар жал-ғызбасты анаға табысталды. Негізі бұның алдында бір отбасы кезекте тұрған еді. Дегенмен комиссия мүшелері балалары кішкентай, әрі кәмелетке толмағанына байланысты Абашевтар отбасын  кезектен тыс өткізіп, құжаттарын дереу рәсімдеді. Әлі де аудандағы аз қамтылған отбасыларды назарға ұстап отырмыз. Осындай отбасыларға барынша көмек көрсетеміз, — деді «Асар үме» қайырымдылық қорының Қандыағаш қаласындағы мүшесі Болат Ізбасов.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде 10 жаңа автобус қалалық бағытқа шығады

admin_mugalzhar

ЖАМАҒАТ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС

admin_mugalzhar

ҚОЛ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.