«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕМ ҚАЛАСЫНДА БІРЛІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жем қалалық кітапханасының “COWORKING” орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған “Көп ұлтты, тату елім – Қазақстан” атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кешке Жем қаласында тұратын түрлі ұлт өкілдері, оның ішінде қазақтар, орыстар, украиндар және татарлар қатысты. Қатысушылар өз халқының ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, мерекенің маңыздылығын атап өтті.
Шара барысында ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ М.Махамбетова құрт, орыс ұлтының өкілі Ю.Малахова құймақ, украин А.Тарасенко тұшпара, ал татар Н.Сафиуллина чакчак дайындап, келген қонақтарға ұсынды.
Кездесуде зейнеткер Н.Тастаева сөз алып, елдегі бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың маңыздылығы туралы ойымен бөлісіп, Бірлік күніне жылы лебізін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев: Адвокаттардың ұсынысымен Ата заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды

admin_mugalzhar

«Жайлы мектеп» — сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

admin_mugalzhar

Ұлттық құрылтай: мәдениетке жаңа серпін

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.