«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМДЫ ҚИМАЙ ЖҮРМІН

Мен биыл 4-сыныпты аяқтағалы отырмын. Сыныптастарымызбен бірге бастауышпен қоштасу шарасына дайындалып жатырмыз. Біріміз ұстаздар туралы ән айтсақ, біріміз сабақ берген мұғалімдерімізге жыр-шумақтарын арнап, тақпақ айтамыз. Осындай дайындық кезінде төрт жыл бойы білім беріп, бізге мейіріммен қараған апайымды қимай, қынжылып қаламын.

Менің алғашқы ұстазым – Айгерім Ағайдарова. Ол өте мейірімді. Біздің сыныптағы оқушылардың барлығы оны қатты жақсы көреді. Ұстазым бізге бар білгенін айтып, әліппе ұстатып, жазуды үйретіп, мұратымызға жету жолында көмектесіп келеді. Ол үнемі бізге: «Сабақты беске оқысаңдар мықты азамат боласыңдар. Мен сендермен мақтанамын», — деп айтып отырады. Біз де ұстазымыздың берген білімін санамызға сіңіріп, айтқанын тыңдаймыз. Ол тентек болған оқушыларға ұрысса да, әрдайым қолдап жүреді. Мен өскенде апайыма ұқсайтын мейірімді, ақылды, сабырлы, қамқор адам болғым келеді. Оның айтқан әрбір сөзі мен мейірімді жүзі жадымда мәңгілік сақталып қалары сөзсіз. Рақмет сізге, алғашқы ұстазым!

Оқушыңыз Айдария

Ұқсас ақпараттар

Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны, қателескені үшін қылмыстық жазаға тартылмайды — Біржан Нұрымбетов

admin_mugalzhar

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН АРДАҚТЫ АТАМ

admin_mugalzhar

3 градусқа дейін үсік жүреді: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.