«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мұғалжар ауданында егін егу жұмыстары басталды. Қазіргі кезде егін егетін шаруа қожалықтары тұқым себу алдындағы топырақты өңдеу және ылғал беру жұмыстарын жүргізуде.

Биыл аудан бойынша 4200 гектар жерге дәнді дақылдар егу жоспарлануда. Оның ішінде 2000 гектар жерге бидай, 1700 гектар жерге арпа, 500 гектар жерге құмай. Сонымен қатар 6000 гектар жерге мал азығы дақылдарын, 612 гектар жерге картоп, көкөніс-бақша дақылдарын егу жоспарланды.

Бүгінгі күнге 900 гектар жерге дәнді дақылдар, 100 гектар жерге картоп, 90 гектардан астам жерге көкөніс-бақша дақылдары егілді.

Аудан бойынша егін егу жұмыстарын 10 шаруа қожалығы жүргізуде. Аталған жұмыстарға 20-ға жуық тракторлар, тұқым сепкіштер және жер өңдеу техникалары жұмылдырылған.

Ұқсас ақпараттар

АҚТӨБЕ-ҚАНДЫАҒАШ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

admin_mugalzhar

Қазақстанда онлайн несие беру тәртібі күшейтілді

admin_mugalzhar

2023 жылдың 1 қазанынан бастап микрокредиттердің пайызы жаңа әдіспен есептеледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.