«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында «Жас құтқарушы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету мен құтқару ісінің негіздерін меңгеру арқылы қауіпсіздік мәдениетін дамыту мақсатында өткен шара барысында «Жас құтқарушылар» ант қабылдап, 26 оқушыға Мұғалжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мақсат Рятов арнайы куәліктерін табыстады. Ал «Жас құтқарушылар» патриоттық әндер шырқап, мектеп гимнін орындады. Алдағы уақытта аталмыш білім ордасының базасында арнайы оқу кабинеті жабдықталып, өрт сөндіру және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ оқушылар арнайы формамен қамтылды. Бұл бастама өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.
А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ЕЛІМІЗДЕ 217 ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ 200 ТІРЕК МЕКТЕП ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛУДА

admin_mugalzhar

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПРОГОЛОСОВАЛИ ЕДИНОГЛАСНО

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.