«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Рухани көшбасшылар – бейбітшілік пен сенімнің тірегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойынша, дінбасылардың басты міндеті – адамзаттың құндылықтарын қорғап, өркениеттер арасындағы сенім көпірін нығайту. Бұл пікір – тек саяси ұстаным ғана емес, шынайы өмірлік қажеттілік. Қазір әлемде діни фанатизм мен радикализм қатты белең алып тұр. Мұндай жағдайда діннің дұрыс бағыттағы ықпалы қажет. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – осының айқын дәлелі. Қазақстан осы арқылы дінаралық үнқатысу алаңын жаһандық деңгейге шығарды. Президенттің «дін ұйыстырушы күшке айналуы тиіс» деген сөзі осы бағыттағы саясаттың мәнін ашады. Дін тек сенім ғана емес, ол мәдениеттер арасындағы диалогтың тірегі болуы шарт. Мекке декларациясы мен Бахрейн форумының үлгісі көрсеткендей, әлемдік қауымдастық ортақ тіл таба алады. Бұл тәжірибені кеңейту – өркениеттердің бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай жасайды. Сондықтан Қазақстан ұсынған бастамалар жаһандық тұрақтылыққа зор үлес қосып келеді.

Тобажанов Тоқтар, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы

Ұқсас ақпараттар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 қыркүйекте қандай спорт түрлерінен сайыстар өтеді

admin_mugalzhar

Фермерлер несиеге өтінімді онлайн береді

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді

admin_mugalzhar