«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

+46 градус: Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық болады

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

📍17-19 маусым күндері республиканың көп бөлігінде Солтүстік-батыс циклонының ықпалынан ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ал 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

▫️Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 17-25 градустан 15-23 градусқа дейін, күндіз 25-35 радустан 20-31 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

▫️Орталықта түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді, 17-18 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық болады. Ал 19 маусымда 27-32 градусқа дейін төмендейді.

▫️Шығыста түнде 12-23 градустан 17-25 градусқа дейін, күндіз 27-35 градустан 35-39 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылайды. 19 маусымда жекелеген аудандарда 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

▫️Оңтүстік-шығыста түнде 18-23 градустан 20-25 градусқа аздап жоғарылайды, күндіз 35-39 градус қатты ыстық, 18-19 маусымда жекелеген аудандарда 42 градус өте қатты ыстық болады.

▫️Күндіз оңтүстік аймақтарда 43-46 градустан 30-38 градусқа дейін төмендейді.

📺@qazaqstantv

Ұқсас ақпараттар

ЖҰМЫССЫЗ ЖАНДАРҒА ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

2025 ЖЫЛ: КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ ҚЫМБАТТАДЫ

admin_mugalzhar

ЖЫЛЫЖАЙ АШАМЫН ДЕУШІЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.