«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді

2025 жылдың 24 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттерінде Ашық есік күні өтті.

«Заң және тәртіп» идеологияларын ілгерілету шеңберінде құқықтық кеңес беру, азаматтарды қабылдау, Агенттіктің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы презентациялар ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері азаматтарды түрлі өтініштер бойынша қабылдады, оның барысында келушілерге білікті құқықтық көмек көрсетілді және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Агенттікке осы салаға қызығушылық танытқан мектеп оқушылары да келді. Көпшілігі болашақта өз мамандығын құқық қорғау органдарымен байланыстыруға және елімізде жемқорлықты жоюға өз үлестерін қосуға ниетті екендерін білдірді.

Іс-шараға қатысушылар әділдік, адалдық және парасаттылық тақырыптарын қозғай отырып, өз ұсыныстары мен тілектерімен белсенді түрде бөлісті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру жөніндегі идеяларды ұсынды.

Мұндай іс-шаралар азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

Kaspi.kz және Halyk Bank қосымшаларында цифрлық құжаттар пайда болды

admin_mugalzhar

Орталық Азия елдері мен Қытай 17 млрд доллардың келісіміне қол қойды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫ «АЙБЫН» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.