«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА ЖАЙЛЫ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Биыл ауданда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады. Мектеп құрылысына бірыңғай тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Ал қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді.

Бүгінде аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімі бірлесе отырып, мектептіңжеручаскесінбелгіледі. Алдағы уақытта құрылысты бастау үшін қажетті сумен және электрмен жабдықтауға мүмкіндіктері қаралуда. Аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжоловтың  айтуынша, мектеп физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталады. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға да тиісті жағдайлар жасалмақ. Жайлы мектептерде жобалық қуатына қарай бірнеше спорт залдар болады. Сондай-ақ, мұғалімдерге де жағдайлар жасалу көзделген.

Бұл жобаның ерекшелігі — мектепте оқушы үшін де, мұғалім үшін де жан-жақты қолайлы жағдай жасалады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спортзалдар болады. Балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларын орнату көзделіп отыр. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына тиісті жағдайлар қарастырылады. Жайлы мектеп қолданысқа берілгеннен кейін 70-тен астаммұғалімүшінжәне өзге дежұмыс орындары ашылады, — деді Бахраман Қуанышұлы.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ШАҚЫРАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандағы табысы ең төмен өңірлер аталды

admin_mugalzhar

Қырғызстан парламентінде қайта сайлау қашан өтетіні айтылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.