«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде қағаз қораптар шығарылмақ

2023 жылы басталған жоба биыл пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Құрылыс кезеңінде 30-50 адам жұмыспен қамтылса, толық іске қосылғаннан кейін 200–250 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Өңір басшысы Асхат Шахаров «Capital Plast KZ» ЖШС өндірістік алаңына барып, «Гофро-орама және стрейч-пленка өндіру» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Аталған инвестициялық жоба 2023 жылы жүзеге асырыла бастады. Жалпы инвестиция көлемі – 1,8 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 21 млн м² қағаз өнімдерін және 1,8 мың тонна стрейч-пленка өндіруді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары (ҚМЖ) аяқталып, технологиялық жабдықтарды орнату жүргізілуде. Өндірістік ғимараттың жалпы ауданы – 5 400 м². Нысанды пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған.

Аймақ басшысы жобамен танысу барысында өңірде өңдеу өнеркәсібін дамыту мен бәсекеге қабілетті өндірістерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, шығарылған өнімдерге оны сұрыптауға, қайта өңдеуге болатындығы жөнінде тұтынушылар үшін нұсқаулық жапсыру керектігін айтты.

«Жоба өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға елеулі үлес қосады. Мемлекет әрқашан мұндай инвестициялық жобаларды қолдайды. Түрлі бағдарламалар жүзеге асырылған. Өндіріс экологиялық стандарттарға сай болуы керек, шикізатты тиімді пайдалану мен қалдықтарды барынша азайту қажет»,
— деді Асхат Шахаров.

«Capital Plast KZ» ЖШС өкілдерінің айтуынша, өндірісте заманауи жабдықтар қолданылады. Бұл өнім сапасының жоғары болуын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын болашақта ішкі нарықты толықтай қамтуды шығуды көздеп отыр.

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

АЙНАЛАЙЫН — 2023

admin_mugalzhar

ТЕМІР КӨПІР АУЫЛЫНА ОЙЫН АЛАҢЫ САЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

БҰЛАҚТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДА ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.