Бүгінгі ақпарат тасқынына толы заманда шынайы әрі сенімді дереккөз табу оңай емес. Осындай жағдайда газет – әрбір саналы оқырманның сенімді серігіне айналған құрал. Әсіресе, өңірлік басылымдар – елдің тыныс-тір-шілігін, ауыл-аймақтың жаңалығын, қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен жетістігін жеткізетін маңызды алаң. Журналистер күні қарсаңында сүйікті газетімнің ұжымына айтар алғысым шексіз. Газет – мен үшін тек ақпарат көзі ғана емес, жанымды баурап, ой салатын, санамды серпілтетін рухани азық. Онда жазылған әрбір мақала – ел ішіндегі шынайы өмірдің көрінісі.
Оқырман ретінде мені ерекше қуантатыны – тілшілердің жергілікті мәселелерге жіті көңіл бөліп, қарапайым адамдардың үнін жоғарыға жеткізе білуі. Қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, шешімін іздеуге түрткі болу – нағыз журналистің миссиясы. Бұл тұрғыда басылым журналистері өз міндетін абырой мен атқарып келеді.
Сонымен қатар газет арқылы біз туған өлкеміздің шежіресін, елге еңбегі сіңген тұлғалар жайлы мағлұматтарды, жастардың жетістігін оқып, рухтанып отырамыз. Әр мақаладан елге, жерге деген сүйіспеншілік пен адалдық аңқып тұрады.
Қандай тақырып болмасын, газет бетінде ол шынайы, нақты, терең талдаумен берілетініне ризамын. Бұл – тілшілердің кәсібилігі мен адал еңбегінің жемісі. Сондықтан да жыл сайын Журналистер күні – мен үшін тек бір кәсіби мереке емес, шынайы алғыс айту күні сияқты.
Гүлназ АБИЕВА, «Poetrytime» поэзия клубының жетекшісі.
Келесі