«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖУРНАЛИСТ – шындықтың шырақшысы

Ақпарат заманында кімнің сөзіне сеніп, кімді үлгі тұтарыңды ажырату қиын. Осындай кезде халық үшін шынайы жаңалық жеткізіп жүрген журналистердің еңбегі – аса бағалы. Менің ойымша, журналистика – жай ғана кәсіп емес, бұл – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін жүрек қалауы.
Оқырман ретінде мен үшін газет – тек жаңалықтар жинағы емес, ол – айна. Елдегі, өңірдегі тыныс-тіршілікті, халықтың үні мен үмітін бейнелейтін құрал. Әр апта сайын қолға тиетін басылымнан өз ауылымыздың, ауданымыздың жаңалықтарын, жетістіктерін, тіпті кейде шешімін күтіп тұрған мәселелерін оқып отырамын.
Газет бетінде жүрекке жетер сөз, санаға сәуле түсірер ой болса – бұл журналистің кәсібишеберлігіменадалдығының көрінісі. Өз ісіне адал тілшілердің арқасында ел ішіндегі шынайы оқиғалар менкейіпкерлердіңөмірібізге үлгі болып, ертеңге деген сенім сыйлайды.
Сондықтан Журналистер күні қарсаңында барша қалам иелеріне алғыс білдіремін. Қиындығы мен жауапкершілігі мол салада тапжылмай еңбек етіп, елге адал қызмет етіп жүрген сіздерге тек шығармашылық шабыт, халықтың ақ тілегі мен жылы лебізі серік болсын!
Журналист – халықтыңүні. Ол үн ешқашан өшпесін, әрдайым әділдік пен шындықтың биігінде болсын!
Көмекбай Бектұрғанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалының директоры.

Ұқсас ақпараттар

САҒА АУЫЛЫНДА WORKOUT АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Жаңа туған 7 мыңнан астам сәбиге ЖСН берілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.