«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГАЗЕТ ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫСЫМЫЗ ЖҮЙЕЛІ

Менің жұмысым аудандық “Мұғалжар” газетімен тығыз байланысты. Себебі біз үшін аудандық басылым — тұрғындарды ауданның санитариялық-эпидемиологиялық ахуалынан хабардар етуге, адам саулығын қамтамасыз ету жолында түрлі індеттердің таралмауына үлкен мүмкіндік беретін таптырмас ақпараттық-сүйемелдеу құралы.
Алысқа бармай-ақ, әлемді әбіргерге салған COVID-19 індеті кезінде газет журналистерімен бірлестікте жұмыс жасадық. Сол уақыттарда газет бетінде аты жаман аурудан тұрғындарды сақтандыруға көптеген мақалалар, сұхбаттар мен сақтық шаралары жарияланып, үндеулер де басылды. Осы тұста халықты ақпараттандыру тұрғысында газет ұжымы елеулі еңбек етті. Одан өзге адамзат үшін қауіпті түрлі жұқпалы аурулардың да алдын алу үшін бірлескен түрде үнемі мақалалар жарияланып, тұрғындар ақпараттандырылып тұрады. Бұл жүйелі жұмыс әлі де өз дәрежесінде жалғасатынына сенемін. Газеттің тұрақты оқырманы ретінде газет журналистерінің бұдан өзге түрлі тақырыпта қалам тербейтіндерін білемін. Олар әлеуметтік мәселелерді көтеріп қана қоймай, мәдениет, руханият, экономика, денсаулық, білім салаларында да қалам тербеп, сараптамалық мақалалар дайындайды. Кейіпкерлерін қарапайым еңбек адамдарының арасынан іздеп, ауыл-аймақтан ақпарат таратады.
Мереке қарсаңында билік пен қоғам арасындағы алтын көпір болып отырған мамандық иелері — құрметті біздің ауданның «Мұғалжар» газетінің ұжымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Билік пен бұқараны байланыстырған ақпарат таратушылар, сіздер күн-түн демей жұмыс істейсіздер. Тұщымды ақпарат іздеу жолында алыс сапарларға шығып, тың деректерді тұрғындарға ұсынудасыздар. Қанша жыл сіздердің оқырмандарыңыз болсақ, сонша аймақтағы еңбек қазаны қайнаған жерлерді аралап, жаңалықтарды, халық тұрмысының жетістіктерін, өзекті мәселелерді айшықтағандарыңыздың куәсі болдық. Ауданымыздағы ерекше кейіпкерлерді іздеп, жақсы істерін жарыққа шығардыңыздар. Халықтың жүрегіне салмақты ой, қанатты сөзімен жол салған журналистика мамандарының еңбегі қашанда елене бермек.
Радина ИРЖАН, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.

Ұқсас ақпараттар

SOS: ОБЫР ДЕРТІ ДЕНДЕП БАРАДЫ!

admin_mugalzhar

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

admin_mugalzhar

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.