«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯҒА 18 ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Ішкі істер органдарының құрылғанына 33 жыл толуына орай облыс орталығында салтанатты шара өтті. Мереке аясында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ішкі істер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, жаңа қызметтік 150 автокөлік пен 25 пәтердің кілтін табыстады.

Аталған көліктің 18-і мұғалжарлық полиция қызметкерлерінің еншісіне берілді. Мұғалжар аудандық полиция бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жасұлан Өтепов «NIVA LEGEND» маркалы қызметтік автокөліктер Қандыағаш, Ембі, Жем қалаларына және ауылдық округтердегі учаскелік полицияларға табысталғанын жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдағы учаскелік инспекторларды баспанамен қамтуға, материалдықтехникалық базасын нығайтуға нақты тапсырма берген еді. Учаскелік полицейлердің автопаркінің жаңаруы соның нәтижесі деп білемін. Біз пайдаланып жүрген қызметтік автокөліктер 2017 жылы берілді. Бүгінде олар ескіріп, тозығы жеткен болатын. Соңғы жылдары полиция қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Айталық, материалдық-техникалық базамыз нығайтылып, заманауи автокөліктермен және арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, бейнебақылау жүйелері жаңғыртылуда, – деді Мұғалжар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жасұлан Өтепов.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиададан 33 медаль жеңіп алды

admin_mugalzhar

Енді 50 жастан асқан ерлер скринингтен өтеді

admin_mugalzhar

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.