«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде жыл басынан бері 11 мыңнан астам киберқылмыс тіркелді

Технология күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ мүмкіндіктердің артуымен қатар қауіп-қатерлердің де түр-түрі пайда болып жатыр. Солардың бірі – киберқылмыс. Ол жаһандық деңгейде өршіп тұр. Қылмыскерлер цифрлық кеңістіктің анонимділігін, әлеуметтік инженерияны, нейрожелілер мен дипфейктерді заңға қайшы әрекеттер жасау үшін пайдалануда. Олар билік өкілдері не халықаралық құрылымдардың атын жамылып, азаматтарды алдайды. ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның айтуынша, ақпараттық кеңістіктегі қылмыстарға қарсы күрес – қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі.

«Заманауи телекоммуникациялық және байланыс құралдарын пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың жаңа түрлері қалыптасуда. Қазақстан да бұл қатермен толық бетпе-бет келіп отыр. Бұндай қылмыстардың басым бөлігін интернет-алаяқтық құрайды. IT технологиялардың қарқынды дамуына байланысты, соңғы 8 жылда мұндай қылмыстар саны 10 еседен астам өсті. Тек биылғы жыл басынан бері 11 мыңнан аса осындай қылмыс тіркелді. Министрлік киберқауіптерге қарсы тиімді шаралар қабылдап жатыр», – деді спикер.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өткен жылдың қараша айында Ішкі істер министрлігінің құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы департамент құрылды. Бұл бөліністер тек киберқылмыстарды ашумен ғана емес, сонымен қатар жалпы заңнамалық, ұйымдастыру, алдын алу бойынша жұмыстармен де айналысады. Байланыс операторларымен бірлесіп, тіркелмеген SIM-карталарды интернет арқылы қоңырау шалуға және мессенджерлерде анонимді аккаунттар ашуға пайдаланылатын SIM-бокстар анықталуда. Тек биылдың өзінде елімізде осындай 74 құрылғы мен 88 мыңнан аса тіркелмеген SIM-карта тәркіленді.

Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен 30 адам қамауға алынды, оның тең жартысы шетел азаматтары. Интернет кеңістігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі, нәтижесінде заңға қайшы мазмұны бар 59 мың интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жолданды.

Ұқсас ақпараттар

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

admin_mugalzhar

Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді

admin_mugalzhar

Наурыз айындағы мерекелерге орай елімізде қосымша әуе рейстері іске қосылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.