«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАРАКӨЛ-АЩЫСАЙ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Соңғы жылдары аудан аумағындағы ауыларалық жолдарды қалыпқа келтіру және қайта салу жұмысы жүйеленіп келеді. Айталық, өткен жылы «Қандыағаш-Жарық» және «Жұрын-Қаракөл» ауылдарының аралықтарына жол салынып, тұрғындар үшін жол қатынасы жолға қойылған болатын.

Аталған жұмыс биыл да жалғасын тауып, 30 шақырымды құрайтын «Қаракөл-Ащысай» ауыларалық жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық маңызы бар «Қаракөл-Ащысай» ауыларалық жолы ауыспалы кезең бойынша салынуда. Жол салу жұмыстарын «NTiger» ЖШС-і жүргізуде. Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Нысанбаев өткен жылы мердігер мекеменің өкілдері жол салуға қажетті материалдарын толықтай объект басына жеткізіп, жол негізін салып, су ағарлар орнату жұмыстарын жүргізгенін жеткізді.

— Аудандық маңызы бар «Қаракөл-Ащысай» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен 925 516,52 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінде мердігер мекеменің жұмысшылары асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс қараша айында аяқталады деп жоспарлап отырмыз, — деді Нұрдәулет Нысанбаев.

Ұқсас ақпараттар

АЭС АСА ҚАЖЕТ, ҚАУІПСІЗДІК ТЕ – МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді

admin_mugalzhar

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы маңызды заң жобалары

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.