Ауданда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 жағдайы тіркелді. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар тіркелмеген. Мұғалжар ауданы бойынша инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясын жұқтырған 2 науқас ем қабылдауда. Бұл туралы ауданның санитариялық мамандары хабарлады.
Олардың айтуынша, індетке шалдыққандардың көпшілігі вакцинациядан және ревакцинациядан өтпегендер.
— 2022 жылдың қаңтар айында 442 жағдай, ақпан айында 52 жағдай, наурыз айында 4 жағдай тіркеліп, жалпы саны 519-ды құрады. Сәуір, мамыр, маусым айларында ауырғандар анықталмады. Ал шілде айында барлығы 16 адам індет жұқтырып алды. Жыл басынан бері вирус жұқтырғандардың 48 пайызында симптомды ауру белгілері болса, 52 пайызында симптомсыз өтті. Сонымен бірге індет жұқтырғандардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар да бар. Бүгінгі таңда аудан бойынша 18033 адам коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациямен қамтылды. Аудан тұрғындарының назарына вакцина алудың маңызды екенін айтқым келеді, — деді санитариялық эпидемиологиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.
«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»