«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕНДІ ЭЦҚ АЛУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу тәртібі жаңарды.

Бұған дейін азаматтар ЭЦҚ кілтін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) немесе электронды түрде ала алатын еді. Енді бұл қызмет толығымен онлайн форматқа көшірілді.
ЭЦҚ-ны онлайн алу үшін egov.kz немесе pki.gov.kz порталдарының біріне кіріп, онлайн түрде өтінім жіберу керек. Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіруден өтеді (жүйе камера арқылы бет-әлпетті таниды) .
Министрлік өкілдерінің айтуынша, кейбір жағдайларда жүйе азаматты тани алмауы мүмкін. Бұл көбіне базада фотосурет болмауы мен техникалық ақаулар туындауы сияқты себептермен байланысты.
Мұндай жағдайда жүйе азаматқа биометриялық тексеруден 5 ретке дейін өтуге мүмкіндік береді. Егер барлық әрекет сәтсіз аяқталса ғана азамат ХҚКО-ға жүгінуіне болады.
Сонымен қатар ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында да биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕҢІЛ КӨЛІКТЕР ШҰБАРҚҰДЫҚ АРҚЫЛЫ АҚТӨБЕГЕ ҚАТЫНАУДА

admin_mugalzhar

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ 30 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

admin_mugalzhar

Экономика мен бейбітшіліктің байланысы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.