«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Этномедиация — қоғамды тұрақтылыққа жетелейтін көпір

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан этномедиация институтының құрылуы — көпұлтты қоғамда түсіністік орнату жолындағы парасатты қадам.
Мәдениет, дүниетаным, салт-дәстүр әртүрлі болғаннан кейін адамдар арасында келіспеушіліктер де кездесіп қалады. Мұндайда жағдайды ушықтырмай, екі жақты да мұқият тыңдап, бәрін бейбіт жолмен реттеу — этномедиаторлардың жұмысы. Сауатты, қоғамға жанашыр этномедиатор — тұрақтылық пен ынтымақ-бірліктің тірегі.
Біздің облыста 2019 жылы менің бастамам бойынша ҚХА жанынан медиация кеңесі құрылған болатын, ол қазірге дейін облыстағы этномәдени бірлестіктермен бірлесе жұмыс істеп келеді. Біздің медиаторлар тұрақты түрде, соның ішінде аудандарға барып, тренинг, семинар, лекциялар өткізіп жүр, бұл іс-шараларға осы сала бойынша елімізге белгілі спикерлер де шақырылды.
Көпұлтты қоғамда этномедиацияның рөлі зор: ол түрлі этникалық топтар үшін өзара диалог алаңын құрып қана қоймай, олардың өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтауына, сол арқылы қоғамды рухани байыта түсуге де үлес қосады.
Сондай-ақ әр азамат ел, халық алдындағы өз жауапкершілігін толық түсінгенде қоғамдағы тұрақтылық пен ынтымақ-бірлік те мызғымайды.

Светлана Балпейісова, «Келіссөздер Академиясы» ҚБ-ның жаттықтырушы-медиаторы, заң ғылымдарының докторы

Ұқсас ақпараттар

Демалыс күндері күн аяз болады

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТАҒЫ ЖАРЫҚҚА ЖАУАПТЫ ЖАН

admin_mugalzhar

Үкімет басшысы су тасқыны салдарын жойғаннан кейін коммуналдық және жеке меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда жан-жақты тексерулер жүргізуді тапсырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.