«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекеттік тіл – басты талап

Мұғалжар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында (мейрамхана, дәмхана, асхана және т.б.) ас мәзірлерін мемлекеттік тілде ұсыну мәселесіне арналған семинар-кеңес өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов төрағалық етіп, өз сөзінде мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылуы – еліміздегі тіл саясатының басты бағыты екенін атап өтті.

-Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл – тек ресми құжаттар мен іс жүргізу тілі ғана емес, қызмет көрсету саласының да басты талабы. Әрбір кәсіпкер көрнекі ақпарат пен ас мәзірін мемлекеттік тілде ұсынуға міндетті. Бұл – заң талабы, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Семинарды Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Арайлым Нұрбаева жүргізіп, қатысушыларға заңнамалық талаптар мен олардың орындалу тетіктерін түсіндірді. Ол сондай-ақ, мемлекеттік тілде дұрыс рәсімделмеген ас мәзірлері мен көрнекі ақпаратқа қатысты мысалдар келтіріп, оларды заңға сай түзету жолдарын ұсынды.
Жиын барысында кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме өкілдері және қоғамдық кеңес мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар тарапынан мемлекеттік тілді насихаттау бағытындағы ұсыныстар да айтылды.
Семинар соңында ұйымдастырушылар кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен ақпараттық жадынамалар таратты.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

admin_mugalzhar

МҮГЕДЕК ЖАН – ҚОҒАМНАН ТЫС ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

admin_mugalzhar

Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонында болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.