Жақында мұғалжарлық қос спортшы Таисия Дьяченко мен Нұржан Жазимов Финляндияның Ванта қаласында пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатынан жеңісті жүлдемен оралды.
Аталған спорттың түрінен елдің намысын қорғап жүрген Таисия Дьяченко бұл жолы да қанжығасын Алтын медальмен майлап, өзге елдің түрінде көк тумызды желбіретті. Ол қыздар арасында классикалық жатып жатып көтеруден жеңімпаз атанып қана қоймай, екінші мәрте әлемдік рекортты орнатты. Ал Нұржан Жазимов ерлер арасында өз салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді. Олар бір ғана ауданның ғана емес, бүтін бір елдің намысын қорғап қайтты.
«МҰҒАЛЖАР—АҚПАРАТ»