«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сон 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Ерлер арасында Қазақстанның жалғыз зілтеміршісі жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 163 келіні көтерді. Осылайша, Сон қос жаттығу нәтижесі бойынша 294 келіні еңсерді. Бұл нәтижемен ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

22 жастағы Игорь Сон — Алматы облысы Үштөбе қаласының тумасы. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс медаль иеленген.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын.

Ұқсас ақпараттар

ДСҰ-ға қосылу бойынша Қытай мен Өзбекстан арасындағы келіссөзге Астанада нүкте қойылды

admin_mugalzhar

Қазақстанның төрт облысында коронавирусқа байланысты жолаушылар пойыздарының кестесі өзгертілді

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛАР СПАРТИКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.