«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІЛІКТЕР КӨМЕК СҰРАЙДЫ

Ембі қаласының маңында орналасқан, ел арасында “Ноғай” бейіті аталып кеткен қорымды су шайып, адам сүйектері жер бетіне шығып, шашылып, тұрғындардың үрейін туғызуда.
Қала әкімі Райымбек Мұсағали бұл жағдайдың жыл сайын қайталанып тұратынын, жылда қала имамдарын апарып, құран оқытып, шашылған сүйектерді қайта көметінін жеткізді. Бірақ өткен жылғы су тасқыны жағдайды одан әрі күрделендіріп, жарқабақта орналасқан мазарлар опырылып құлаған.
Осы жермен көктем мезгілінде су ағып өтеді. Бұл жағдай — соның салдары. Бүгінде шашылған сүйектерді жинап қана қоймай, су арнасын басқа жаққа бұру жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз. Аталған жұмыстар Ембі қаласындағы белсенді жандардың көмегімен жүзеге асуда. Олар су арнасын бұрып, топырақ үйіп, бетон қабырғаларды төсеп, көктемгі су тасқынына тосқауыл болатын бөгет салуда. Қазіргі уақытта Жайылхан Сарсембаев, Сайымқожа Тұяқбаев, Асылхан Қазбеков, Еркін Шайхин, Альбазар Шерманқұлов есімді ағаларымыздың және қала тұрғындарының арқасында ауқымды жұмыстар атқарылуда, — деді Райымбек Мұсағали.
Жоғарыда аты аталған бастамашыл топ мүшелері сол жерге жерленген марқұмдардың ұрпақтарын іздейді. Сондай-ақ демеуші болып, қаржылай көмек көрсетушілерге де қарсы емес.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢАҒА ҰМТЫЛЫП, ЕСКІНІ ҰМЫТПАЙЫҚ!

admin_mugalzhar

Whatsapp жаңа мүмкіндікке ие болды

admin_mugalzhar

ФУТБОЛДАН МЕРЕКЕЛІК ТУРНИР ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.