«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БЖЗҚ активтері 21,8 трлн теңгеге жетті

Ел тұрғындары биыл зейнетақы қорынан 495,3 млрд теңге қаржысын мерзімінен бұрын алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері оң динамиканы көрсетіп жатыр. Жылдың басынан зейнетақы активтері 22,7 пайызға өсіп, 21,8 трлн теңге болды. Жыл басынан инвестициялық табыс көлемі 2,8 трлн теңге болды. Зейнетақы жарналары 2,3 трлн теңгеге жетті және былтырғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға ұлғайды. Қаражатты мерзімінен бұрын алу сомасы 495,6 млрд теңгені құрады, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Тимур Сүлейменовтің атап өтуінше, Ұлттық банк сыртқы және ішкі нарықтардағы жағдайдың өзгеруін бақылап, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді және инфляцияны одан әрі төмендету жұмысын жалғастырады.

Ұқсас ақпараттар

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттады

admin_mugalzhar

«ҚАЛАМГЕР ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar