«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ ТУДЫРМАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАЗА ҰСТАУ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ. ОСЫ ОРАЙДА ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АУМАҒЫНАН КЕН ӨНДІРЕТІН «КАЗГЕОРУД» КОМПАНИЯСЫ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ ТУДЫРМАУ ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАНЫ ҚОЛҒА АЛУДА.
Аталған компания өкілдері Алтынды мен Қайыңды ауылдары маңымен өтіп жатқан жолдарда шаңды азайту мақсатында арнайы ерітінді шашуды қолға алып, жолдарды арнайы қоспамен өңдеуде. Мамандар бұл іс-шараның жаз мезгілінде аса өзекті болып табылатын шаңмен күрестегі тиімді шара екенін айтады.
Қолданылатын ерітінді магний тұзы негізінде дайындалады. Бұл қоспа шаңды басады және айналаға толықтай қауіпсіз. Бұл ерітіндімен өңделген жолда шаң көтерілмейді. Оның әсері кем дегенде он күнге созылады. Осыдан кейін, біржарым-екі апта ішінде қайта себеміз, – деп түсіндірді компанияның дайын өнім қоймасының шебері Тимофей Мартыненко.
Жұмыстарды арнайы техникамен мердігер ұйым жүргізеді. Бір ауысымда 40 текше метрлік цистернасы бар арнайы техника 12 шақырым жолды өңдей алады. Бұл – жолдағы шаңды барынша азайтуға жеткілікті.
Экологиялық тосқауылды қолдану — «КазГеоруд» компаниясының қоршаған ортаға өндірістік әсерді азайтуға және Алтынды мен Қайыңды ауылдарының тұрғындары үшін жайлылықты арттыруға бағытталған жүйелі экологиялық саясатының бір бөлігі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Ұқсас ақпараттар

Коронавирус табылған лайнерде Қазақстанның төрт азаматы: 8 және 12 жастағы немерелерімен екі әйел отыр

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛАР СПАРТИКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.