«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЭС ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН САЛАЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Тайыр НАРАНБАЕВ, Қандыағаш қаласының тұрғыны:

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған Жолдауында атом энергетикасына тоқтала отырып, АЭС салу мәселесіне қатысты референдумның 6 қазанда белгіленгенін атап өткен болатын. Біздің күнделікті өмірімізді электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Халық саны мен өндіріс орындары көбейген сайын энергия тапшылығының да орын алатыны белгілі. Осы себепті елімізде алдағы елу тіпті жүз жылда энергия тапшылығын болдырмас үшін АЭС салудың маңызды екенін байқауға болады. Қазірдің өзінде дамыған елдерде де атом электр станциялары жұмыс жасап тұр. Мен елімнің болашағының жарқын болғанын қалаймын. Қазақстанның басқа елдердің энергиясына тәуелді емес, керісінше шетелге энергия тасымалдайтын ел болса деймін. 6 қазанда өтетін референдумда халық жан-жақты ойланып, дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін!

Ұқсас ақпараттар

Оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды

admin_mugalzhar

Жаңа Конституция — жаңа өзгерістер

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

admin_mugalzhar