Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жұмыс сапарымен Ембі және Жем қалаларында болды.
Сапар барысында аудан басшысы Жем қаласындағы №55 көп қабатты тұрғын-үйдің жекеменшік инвестиция аясында өтіп жатқан қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.
Аудан басшысы Жем қалалық амбулаториясының құрылыс алаңына барды. Жоба құны 435 млн.132 мың теңге. Мердігер — «Элитстройсервис-Ақтөбе» ЖШС-і.
Сонымен қатар, Дархан Ермағанбетов Жем қаласындағы аэродромға дейінгі кірме жолын салу, Жем қаласы магистральдық жолдан полигонға дейінгі асфальтбетон жолын салу жобаларын қарады.
Жауапты мердігер мекеме басшыларына нысандарды сапалы, әрі уақытылы орындау керек екендігін ескертті.
Бұдан кейін аудан әкімінің жұмыс сапары Ембі қаласында жалғасты. «Техник» ЖШС-і өз қаражаты есебінен жүргізіп жатырған «Қазақстан» мөлтек ауданындағы 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмысын қарады.
Ембі қалалық №7 мектеп-интернаты жанындағы спортзалдың құрылыс алаңында әкім мердігер «ЖайықПромСервис» ЖШС-і басшылығымен құрылыс барысын талқылады.
Сондай-ақ, аудан әкімі Ембі қаласындағы жоба құны 183 млн.985 мың теңге болатын қатты тұрмыстық қалдықтар алаңының жұмысымен танысты. «Техно-С» ЖШС-і жүргізіп жатырған жұмыс өткен жылы басталып биыл аяқталады деп күтілуде.