«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілердің алдағы жылыту маусымына дайындығы қаралды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың мәліметінше, жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Облыс бойынша жалпы дайындық 85%-ға жетті.

«Бюджеттік ұйымдарға жылыту маусымына 20,7 мың тонна көмір және 1,2 мың тонна дизель отыны қажет. Тамыз айының соңына қарай көмірдің 58%-ы және дизельдің 70%-ы жеткізілді. Халықтың қажеттілігі үшін 19,1 мың тонна көмір қарастырылған. Оның жеткізілімі тамыз айынан бері жүргізілуде, жолда 7 вагон келе жатыр», – деді Арысұлан Айтбаев.

Коммуналдық кәсіпорындардағы жөндеу жұмыстарына тоқталсақ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да 11 қазандық пен 5 турбоагрегат жөнделді, қалған жұмыстар жылыту маусымына дейін аяқталмақ. Қазіргі дайындық деңгейі – 88%. «Aqtobe su-energy group» АҚ-да 23 қазандық, 3,2 шақырым жылу және 12,8 шақырым су-канализация желісі жөнделді. Дайындық – 82%. «Энергожүйе» ЖШС-де жоспарланған 833,3 шақырым желінің 331,6 шақырымы ретке келтіріліп, 23 қосалқы станция мен 57 трансформатор толық жөнделді.

Басқарма басшысы дайындық паспорттары мен актілерін алу мәселесіне де ерекше назар аударды. Асхат Шахаров дайындық паспорттарын алуды жандандыруды тапсырды және жылыту маусымына уақытылы дайындалудың маңызын сөз етті.

«Қысқа дайындық – басты міндет. Жұмыстың сапасы мен мерзіміне сай атқарылуына тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен жайлы өмір сүруі тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік органдар, қала мен аудан әкімдері барынша ұйымдасқан әрі жауапты жұмыс істеуі тиіс»,
– деді облыс әкімі.

Жиын қорытындысы бойынша әкім барлық қазандықта, жылу көздері мен желілерде жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды, көмір мен дизель отынын белгіленген мерзімде толық жеткізуді, дайындық паспорттарын 30 қыркүйекке дейін рәсімдеуді, төтенше жағдайларға жауап беру үшін қажетті отын мен материал қорын қалыптастыруды және мектептерге, балабақшаларға, ауруханаларға жылу беруді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне әр елді мекеннің дайындығын жеке бақылап, халықтың шағымдарына жедел әрекет етуді міндеттеді.

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

admin_mugalzhar

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЖАППАЙ ИММУНДАУ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Облыста 684 адам көлігіне мемлекеттік нөмір алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.