«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨНЕР ҚҰДІРЕТІ – МӘҢГІЛІК

Кеше аудандық мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті. «Өнер құдіреті – мәңгілік» тақырыбында мәдени-сазды кешке аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина мен мәдениет қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шараны бастаған аудан әкімі Дархан Жанысханұлы мереке иелерін құттықтап,
бір топ мәдениет қызметкерлері мен мәдениет жанашырларына Алғыс хат табыстады.
Мәдениет саласының қызметкерлері аудан тұрғындарын киелі өнермен сусындатып, түрлі
деңгейдегі мәдени шараларды ұйымдастырып, кешенді қызмет көрсетіп, ауданның мәдени
дамуына зор үлестерін қосуда. Өнерпаздарымыз түрлі байқауларға қатысып, ауданның
абыройын асқақтатып та жүр. Алдағы уақытта да ауданымыздың мәдениеті мен өнерін
өзгелерге дәріптеп, даңқын асқақтата берулеріңізге тілектеспін. Әрқашанда өнердің ақ туын
берік ұстап, халыққа қызмет жасайтындарыңызға зор сенім білдіремін, — деді аудан әкімі.
Салтанатты шарада аудан басшысы Ащысай ауылдық мәдениет үйінің директоры Айдос
Хасановқа Ақтөбе облыстық кәсіподақ комитетінің, жергілікті әнші Салауат Сәңкібайға Ақтөбе
облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының Алғыс хатын табыстады.
Ал аудан әкімінің алғысын арқалағандардың қатарында Ембі қалалық кітапханасының әдіс-
кері Айсауле Әбдікәрімова, Құмжарған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жанат
Сарбасова, Ембі қалалық кітапханасының кітапханашысы Ба-ян Қонаева, Мұғалжар ауылдық
кітапханасының кітапханашысы Наргиза Қарабалина, Ембі қалалық мәдени орталығының
халықтық «Ақкөгершін» балалар хорының сүйемелдеушісі Мәлік Молдағазиев, Жаңатұрмыс ау-
ылдық клубының меңгерушісі Әсел Гайнутдинова, Ембі қалалық мәдени орталығының кіші
қызметкері Адина Иманбаева, Ембі қалалық мәдени орталығының кіші қызметкері Ләйла
Ермағамбетова, Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы
Әлия Иманғазина, Сағашилі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гаухар Қорбанова,
Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кіші қызметкері Айман Капина,
Мұғалжар аудандық мәдениет үйінің халықтық «Көзайым» вокал тобының сүйемелдеушісі
Алмагүл Шарапқанова, Мұ-ғалжар аудандық мәдениет үйінің кі-ші қызметкері Ай-гүл
Шамадинова, Мұғалжар аудандық мәдениет үйі-нің халықтық «Қа-зына» ардагерлер
ансамблінің дыбыс жазу технигі Айдана Бөрібай, Ақкемер ауылдық мәдениет үйінің кіші
қызметкері Тойлыбай Қоблашев, Мұғалжар ауылдық клубының меңгеру-шісі Камшат Үмбетова,
Құмжарған ауылдық клубының көркемдік жетекшісі Нұрхан Көмекбаев, Жағабұлақ ауылдық
клубының кіші қызметкері Света Бримжарова, Жем қа-лалық мәдениет үйінің әдіскері Анаргүл
Жалиманова, Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт
бөлімінің қызметкері Ағила Кішібаевалар болды. Оларға гүл шоқтары табысталып, естелік
сыйлықтар берілді.
Мерекелік шараның соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

БОЛАШАҚ МАМАНҒА — БАҒЫТ-БАҒДАР

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМДЫ МЕҢГЕРМЕК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.