«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан – достықтың мекені

Қазақстан – көпұлтты, түрлі дінді ұстанатын халықтардың алтын бесігі. Біздің елде жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осындай татулық пен келісім – Қазақстанның ең басты құндылығы әрі болашағының кепілі.
Еліміздегі әрбір этнос өз салт-дәстүрін, мәдениеті мен тілін сақтап, оны дамытуға толық мүмкіндік алып отыр. Бұл – Қазақстанның достық мекені екенінің айқын дәлелі. Ұлтаралық келісім мен сыйластықтың арқасында мемлекетіміздің іргесі берік, халқы ынтымақты.
Достық пен татулық – еліміздің даму жолындағы ең мықты тірек. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институттар осы бірлікті нығайтып, елдің жарқын болашағына қызмет етуде.
Сондықтан Қазақстанды әлем жұртшылығы бейбітшілік пен келісімнің, достық пен бауырмалдықтың мекені ретінде таниды.

Биманова Бибігүл, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер клубының төрағасы

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКТЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АС МӘЗІРІ ӨЗГЕРЕДІ

admin_mugalzhar

Еуропаға әуе рейстері қашан ашылатыны айтылды

admin_mugalzhar