«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АС МӘЗІРІ ӨЗГЕРЕДІ

Қант мөлшері аз компоттан бастап дәстүрлі жылқы етіне дейін, деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Елде мектеп оқушыларының ас мәзірі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Себебі денсаулық сақтау министрлігі сарапшылармен бірлесіп, жаңа тамақтану стандартын әзірлеп шыққан. Қазір жоба қоғамдық талқылауда қаралып жатыр. Қазақстандық оқушылардың ас мәзірі қалай өзгермек?
Тәтті газды сусындардың орнына – хош иісті итмұрын шайы, бұрынғы майлы тұздықтар да жоқ. Қазір мектептерде оқушылардың ас мәзіріне бұршақ салаттары, жылқы және сиыр етінен жасалған тағамдар, тіпті жент сияқты дәстүрлі тәттілер ұсынылады. Бұл стандарттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары негізінде жасалған.
— Ең алдымен Қазақстанда жүргізілген зерттеу деректеріне тоқталсам. Оған сәйкес 6 мен 10 жас аралығындағы әрбір бесінші бала артық салмақ пен семіздікке шалдыққан. Яғни бұл өте жоғары көрсеткіш, әрі динамика теріс сипатқа ие. Өкініштісі, бұл сан өсіп келеді. Басты себеп — жоғары калориялы, қоректік құндылығы төмен, қант, май мөлшері тым көп тағамдарды тұтыну, — дейді ЮНИСЕФ Қазақстан тамақтану жөніндегі ұлттық кеңесші Ақкүміс Салханова.
Мектеп оқушыларының тамақтану рационын өзгерту қажет екенін денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың соңында мәлімдеген еді. Асханаларда қант пен тұз мөлшері қазір үш есе азайтылған. Бұл семіздік, диабет және жүрек ауруларының қаупін төмендету үшін жасалды, дейді нутрициологтар.
Айта кету керек, қазір мектеп асханаларындағы тағам сапасын бақылау үшін Қазақ тағамтану академиясы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп арнайы онлайн ресурс әзірлеген. Оның арқасындағы асқа қосылған ақуыздар, майлар мен көмірсулардың мөлшерін тексеруге болады. Бұл жүйені аспаздардан бастап ата-аналарға дейін кез келген адам пайдалана алады.
Бұдан бөлек мектептерде ата-аналардан құрылған бракераждық комиссиялар да жұмыс істейді. Олар азық-түліктердің сапасын тексеріп, стандартқа сай болуын қамтамасыз етеді.

Ұқсас ақпараттар

Полиция жыл басынан бері 1 596 қылмыскерді ұстады

admin_mugalzhar

«237 миллиард теңге қажет»: Қанат Бозымбаев су тасқыны бойынша Мемлекет басшысына есеп берді

admin_mugalzhar

ӘДІЛЕТ — ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.