«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудан прокуроры Ерназар Алдияр, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов инвесторлар мен кәсіпкерлерге жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында инвесторлар мен кәсіпкерлер өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов пен аудан прокуроры Ерназар Алдияр әрбір кәсіпкердің мәселесін мұқият тыңдап, олардың құқықтары мен мүдделерін заңдылық тұрғыдан қорғауға, кәсіпкерлердің мәселелерін шешу жолында бірлесе жұмыс істеуге дайындықтарын білдірді.

Сонымен қатар әкімдік кәсіпкерлікті дамытуға және ауданға инвесторларды тарту бойынша белсенді жәрдемдесуге дайын екендігін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

admin_mugalzhar

Жаңбыр және аптап. Демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

admin_mugalzhar

Фермерлер несиеге өтінімді онлайн береді

admin_mugalzhar