«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ» ТАС ЖОЛЫНДА ЖАҢА КЕМПИНГ АШЫЛДЫ

Басшилі ауылында «Үш арыс» жолда қызмет көрсету кемпинг кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, жаңа нысан қызметіне сәттілік тіледі.

Жаңа кемпингтің құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, биыл толық аяқталды. Жаңа кемпингтің асханасы мен сервистік қызмет көрсету орталығы тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Жоба құны 40 млн.теңге болатын «Үш арыс» жолда қызмет көрсету кемпингі «Ақтөбе-Атырау» тас жолының 115-ші шақырымында орналасқан.

Қазіргі таңда нысанда 8 адам қызмет етеді. Шағын кешеннің іші заманауи үлгімен безендіріліп жабдықталды. Алдағы уақытта кемпингтің айналасын кеңейтіп қонақ үй салу және арнайы этно ауыл аймағын жасау жоспарымызда бар, — дейді кемпинг кешенінің иесі Ақарыс Тұрсынбайұлы.

Ашылу салтанатына қатысқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов, ауыл жұртшылығы мен ардагерлер кәсіпкердің бастаған ісінің жемісті болуына тілектестігін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Білім министрі соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты

admin_mugalzhar

Еңбекке жарамсыздық парағы электронды нұсқаға ауыстырылмақ

admin_mugalzhar

1881 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.