«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жасанды интеллект – жаңа дәуір бастамасы

Қазақстан үш жылда цифрлық ел болуы керек. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.
Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді.

Жасанды интеллект – бүгінде бүкіл әлемнің күн тәртібіндегі басты тақырып. Бірі оны адамзат өркениетін алға сүйрейтін ұлы мүмкіндік десе, енді бірі ойланбай қолданған жағдайда қауіп-қатері аз емес екенін ескертеді.
Жаһандық бәсекеге көз салсақ, жасанды интеллекттің шын мәнінде қандай күшке айналып келе жатқанын аңғарамыз.

Жасанды интеллект – жаңа дәуірдің кілті. Ол бір есікті ашса, екіншісін жабуы мүмкін. Сондықтан басты міндет – осы кілтті дұрыс пайдалану. ЖИ-ді білім мен ғылымға, экономика мен өндіріске, халықтың әл-ауқатын көтеретін істерге жұмсауымыз қажет.

Ерлан Байтулеков, Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі.

Ұқсас ақпараттар

Ертең кей өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

admin_mugalzhar

ГЕНДЕР-ПАТИ (интермедия)

admin_mugalzhar

ЖОСПАР: 42 АДАМҒА — ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.