«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Өңірде егін ору науқаны қарқынды жүріп жатыр

Ақтөбе облысында биылғы егін ору жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. Диқандар 426 мың гектар алқаптан дәнді дақылдар, 60 мың гектардан майлы дақылдар және 6 мың гектар жерден картоп пен көкөніс, бақша өнімдерін жинауға кірісті.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, шаруалардың науқанға толықтай дайын болды. Қажетті ауыл шаруашылығы техникалары мен дизель отыны жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген. Бұл – науқанды уақытылы әрі сапалы өткізуге мүмкіндік беруде. Астық сақтау орындарының жалпы сыйымдылығы 685 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда 47 мың тонна астық элеваторларға жеткізілді. Тамыз айынан бері облыс бойынша 230 мың гектар алқаптағы дәнді дақыл жиналып, орташа өнімділік гектарына 11 центнерді құрап отыр.

Қазгидрометтің болжамы бойынша қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері нормадан аспайды. Бұл шаруаларға егін ору жұмыстарын кідіріссіз жалғастыруға мүмкіндік беруде. Қолайлы ауа райы сақталған жағдайда, биылғы науқан қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталмақ.

Ұқсас ақпараттар

Всех казахстанцев обязали отработать 3 года после вуза, если учились по гранту

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 20 286 084 АДАМҒА ЖЕТТІ

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІКТЕР ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ЖАҢҒЫРТУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.