ГАЗЕТІМІЗДІҢ ӨТКЕН НӨМІРІНДЕ ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМГЕ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІМЕН АУЫЗ СУҒА ҚАНША ҚАРЖЫ ТӨЛЕЙТІНІТУРАЛЫ КӨЛЕМДІМАҚАЛА ЖАРИЯЛАДЫҚ. АЛ БҮГІН ЕМБІЛІКТЕРДІҢ ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП ТӨЛЕП ОТЫРҒАН БАҒАМЫНА БАҒДАР ЖАСАДЫҚ. ЕНДЕШЕ…
КӘСІПОРЫНДА 109 МАМАН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
Бүгінде аудан аумағында тұрғындарды жылумен қамтамасыз ететін жылу өндіруші екі мекеме бар. Оның бірі аудан орталығындағы «Коммуналшы» мекемесі болса, екіншісі «Ембі жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны. Бүгінгі тақырыбымызға тұздық болған «Ембі жылу» мекемесі 2025 жылдан бері халық игілігі үшін қызмет атқарып келеді. Аталған мекеме жылу энергиясын өндіріп қана қоймай, оны таратып, жабдықтайды. Сонымен бірге ауыз сумен қамтамасыз етіп, су бұру қызметтерін де көрсетеді.
—Жалпы кәсіпорында жұмыс жасау оңай емес. Себебі коммуналдық саланың өз қиындығы бар. Түрлі құрылғылар мен темір жабдықтармен жұмыс жасауға жастар құлықсыздық танытады. Қазіргі уақытта кәсіпорында 109 адам жұмыс жасайды. Арамызда көптеген жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан өз ісінің нағыз мамандары жетерлік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Себебі біздің кәсіпорында осындай мамандық иелері қызмет атқарады, — деді «Ембі жылу» КМК-нің директоры Берік Нұртаев.
ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАР 126 ТЕҢГЕ 61 ТИЫН ТӨЛЕЙДІ
Ембі қаласы бойынша бүгінде 8 жылу қазандығы жұмыс жасап тұр. Аталған қазандықтар білім беру ошақтарына, мектепке дейінгі ұйымдарға, мәдениет ошақтары мен Б.Момышұлы көшесінде орналасқан №11,15,17 бес қабатты тұрғын үйлерге және екі қабатты №31 тұрғын үйіне жылу тарады. Сондай-ақ Мұғалжар ауылындағы 2 жылу қазандық мектеп пен балабақшаны, Бірлік ауылында орналасқан 1 жылу қазандық әлеуметтік нысандарды күзгі-қысқы жылу беру маусымында жылумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшысы Берік Нұртаев қазандықтардың жалпы жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.
— Ембі қаласы бойынша қалалық №4 мектепті жылытатын №4 жылу қазандығы, қалалық №7 мектепті жылытатын №6 жылу қазандығы, қалалық №2 мектепті жылытатын №7 жылу қазандығы және №8 «Жұлдыз» жылу қазандықтарының әрқайсысына бір жылу қазандығынан қондырылды. Бүгінгідей қыстың қақаған аязында қазандықтар еш кедергісіз жұмыс жасауда. Қазандықтарға жауапты мамандар өз жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқарады. Өткен жылы Мұғалжар ауылындағы мектеп пен балабақшаға блокты модульді жылу қазандығы қондырылып, жылу берілуде. Сондай-ақ осы аталған ауылдың жылу трассалары жаңартылды. Ембі қаласы бойынша жылу жүйесін тұтынатын заңды тұлғалар саны -17, ал жеке абоненттер саны — 248. Кәсіпорын Мұғалжар ауылы бойынша 2 нысанды және Бірлік ауылы бойынша 3 әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы жылу трассасының ұзындығы 6,5 шақырымды құрайды, — деді ол.
Кәсіпорын басшысы 2024 жылы жылу жүйесіне қосылған заңды тұлғалар үшін жылу жүйесінің көлемі қосылған құн салығының есебінсіз 1 Гкал — 5461 теңге 65 тиын болғанын айтты. Ал жеке тұлғалар, соның ішінде Б.Момышұлы көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің пәтер иелері жылу жүйесінің әр текше метріне ҚҚС есебінсіз 105 теңге, 50 тиын төлеген.
—Ембіліктер 2025 жылдың ақпан айынан бастап жылу жүйесіне өскен тариф бойынша төлейтін болады. Себебі біз пайдаланатын көгілдір отын мен электр энергиясының құны өсіп, шикізат пен материалдардың бағасы қымбаттап, сұйық отынның тұтыну бағасы артты. Сонымен бірге жұмысшылардың жалақыларын да өсіру – маңызды. Жоғарыда айтып өткен жұмыстың қиындығын да ескеру керек. Олар күні-түні демей, халық үшін қызмет көрсетуде. Заман талабына сай өзге мекемелердің қызметкерлері секілді біздің кәсіпорынның әрбір жұмысшылары да жақсы жалақы алуы тиіс деп есептеймін. Осы жағдайларды ескеріп, ақпан айынан бастап жылу пайдаланатын заңды тұлғалар қосылған құн салығының есебінсіз жылудың әр текше мерті үшін 1Гкал — 6303 теңге 89 тиын төлейтін болады. Ал жеке тұлғаларға пәтерінің бір текше метріне 126 теңге 61 тиыннан есептеледі, — деді Берік Нұртаев.
АУЫЗ СУ: СУБСИДИЯЛАУ ЖОСПАРДА
Кәсіпорын көрсететін қызметтің тағы бір түрі – ауыз сумен қамтамасыз ету. Мекеме басшысы Берік Ырзағазыұлы бүгінде Ембі қаласын, Мұғалжар, Алтынды, Қожасай мен Шеңгелши елді мекендерін ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіп отырғанын айтты.
— Қазіргі уақытта орталықтандырылған таза ауыз суды Ембі қаласы бойынша 3231, Мұғалжар ауылында 216, Алтынды ауылында 122, Қожасай ауылында 39, Шеңгелши ауылында 63 абонент пайдаланып отыр. Ембі қаласы бойынша 10 су ұңғымасы жұмыс жасайды. Олардың алтауы жаз мезгілінде қалаға ауыз су жеткізу үшін қолданылады. Ал қыс мезгілінде ауыз су тұтыну мөлшері азаяды. Сол себепті 3 ұңғыма ғана қалаға су жеткізеді. Мұғалжар, Алтынды, Қожасай мен Шеңгелши елді мекендерінде 2 ұңғыма жұмыс жасап тұр, — деді мекеме басшысы.
Енді ауыз су үшін төленетін тариф бағамына бағдар жасайық. Ембілік заңды тұлғалар 2024 жылы ауыз су жүйесінің бір текше метріне ҚҚС есебінсіз 209 теңге 8 тиын, жеке тұлғалар ҚҚС есебінсіз субсидиямен 98 теңге 40 тиын төлеген. Ал субсидиясыз — 234 теңге 29 тиын.
—Ембі қаласы мен Алтынды ауылы бойынша ауыз суды субсидиялау 2024 жылдың шілде айынан бастап жүзеге асырылуда. Оған дейін Ембі қаласы су жүйесінің сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды жергілікті сумен жабдықтау жүйелері тізбесінің құрамында жоқ болғандықтан ауыз су жүйесіне субсидия алуға мүмкіндік болмады. Ал Мұғалжар ауылында ауыз суды субсидиялау 2021 жылдан басталды. 2025 жылы ақпан айынан бастап ауыз су жүйесі бойынша тариф бағасы өзгереді. Заңды тұлғалар үшін ҚҚС есебінсіз 1 текше метрге 310 теңге 36 тиын, жеке тұлғалар үшін ҚҚС есебінсіз 1 текше метрге 217 теңге 13 ти-ын болып есептелінеді. Субсидиялау биыл да жалғасады. Ал оның бағасы абонеттердің тұтынуына қарай есептеледі, — деді ол.
КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ — 217 ТЕҢГЕ 13 ТИЫН
Өткен жылы Ембі қаласында кәріз жүйесін салу және жөндеу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды. Атап айтатын болсақ, №2 су сорғы станциясына ультра күлгін сәулелі залалсыздардыру қондырғысы қойылған және қосымша сорғылар салынған. «Ембіжылу» мекемесінің басшысы Берік Нұртаев Ембі қаласы бойынша кәріз жүйесінің ұзындығы 47,1 шақырымды құрайтынын жеткізді.
—Қала бойынша кәріз сорғы станцияларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, автоматты басқаружүйесі іске қосылды. Қалада кәріз жүйесін пайдаланатын 773 жеке, 63 заңды абонент бар. Өткен жылы заңды тұлғалар кәріз жүйесіне ҚҚС есебінсіз 258 теңге 63 тиын, ал жеке тұлғалар ҚҚС есебінсіз 167 теңге 2 тиын төледі. Кәріз жүйесінің де бағасы өзге қызметтер секілді осы жылдың ақпан айынан бастап өсетін болады. Кәріз үшін заңды тұлғаларға ҚҚС есебінсіз 310 теңге 36 тиын, жеке тұл-ғалар үшін ҚҚС есебінсіз 217 теңге 13 тиын болып бекітілді, — деді кәсіпорын басшысы.
Мекеме басшысы 2025 жылы кәсіпорында атқарылатын жұмыстар легін атап көрсетіп, биыл жылу жүйесі бойынша 2012 жылы орнатылған жылу қазандықтарын және жылу трассаларын алмастыруды жоспарлап отырғанын айтты.
—Осы жылы мен басшылық ететін кәсіпорында атқарылар іс көп. АуызсужүйесібойыншаЕмбі қаласының және Алтынды ауылының су ұңғымаларының қоршауларын талапқа сай жасап, ауыз су желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажетпіз. Сондай-ақ Мұғалжар ауылына жаңадан су ұңғымасын салуды жоспарлап отырмыз. Автоматтандырылған басқару жүйесін күтіп ұстаумен қатар, көшелерде орналасқан кәріз құдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Ең басты мақсатымыз – халыққа сапалы қызмет көрсету, — деді «Ембі жылу» мекемесінің басшысы Берік Нұртаев.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ