Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындап, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға нақты міндеттер жүктеді.
Президент атап өткендей, жаңа технологияны, соның ішінде жасанды интеллекті енгізу еліміздің дамуында маңызды рөл атқарады.
Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті. Соның ішінде Парламенттің бір палаталы құрылымға көшу мәселесі ерекше айтылды. Бұл бастама – заң шығару үдерісін жеделдетуге, депутаттардың жауапкершілігін арттыруға, халықтың сенімін күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгерістер елдегі демократиялық институттарды нығайтып қана қоймай, өңірлердің дамуына да оң ықпалын тигізеді.
Зайырбек Зайытұлы, «Ізгі қала» волонтерлік тобының жетекшісі.