«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы директоры Тельман Малаев Қандыағаш қаласында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдардың жай-күйін тексерді.

Аудан әкімі алдымен ұзындығы 2,28 шақырым болатын Жайлы мектепке дейінгі автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын қарады. Жоба құны 801 млн.теңге болатын жолдың жөндеу жұмыстарын «TSG Construction» ЖШС-і жүргізуде.

Сонымен қатар аудан басшысы Алтынды көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Ұзындығы 0,9 шақырым болатын жолға 154 млн.теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын «Бірлік НС» ЖШС-і жүргізіп жатыр.

Бұдан кейін аудан әкімі Дархан Жанысханұлы Баймұханбетов көшесіндегі 0,8 шақырым болатын айналма жолдың жұмысын қарады. Аталған жолдың құрылыс жұмыстарына 431 млн.теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарына «СтройСервисПлюс» ЖШС-і жауапты.

Аудан басшысы өзі аралаған объекттілерде жауапты мердігер мекеме басшыларына автомобиль жолдарын жөндеу барысында жұмыстарды сапалы, әрі уақытылы орындауды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

«БОПАЙ ХАНЫМ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Жасанды интеллект әскерде кеңінен енгізбек

admin_mugalzhar

АБАЙЛАҢЫЗ, ҚАРАҚҰРТ! Ауданда алты адамды қарақұрт шақты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.