«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов аудан аумағында автомобиль жолдарының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға және орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекемелердің басшыларын қабылдады.

Кездесуге “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы директоры Тельман Малаев арнайы қатысты.

Кездесу барысында аудан басшысы аудандық маңызы бар және қала, ауылішілік автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарына жауапты мердігерлерге аудандағы жолдардың уақытылы, әрі сапалы жөнделуіне басты назар аудару қажет екендігін айтты.

Кездесу соңында аудан әкімі жауапты мердігер басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

Мопедтерді тіркеу 4 сәуірде аяқталады

admin_mugalzhar

Жастар – қоғамның айнасы

admin_mugalzhar

Қазақстанда халық санағы онлайн түрде өткізілетін болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.