«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 720 АДАМ АӘК АЛАДЫ

Осы жылдың 3 тоқсанында аудан аумағындағы кедейлік шегі — 39 083 теңге, күнкөріс деңгейі 55 833 теңге құраған. Бұл туралы мансап орталығының мамандары айтты.
Олардың берген мәліметіне сүйенсек, осы жылдың сәуір, мамыр, маусым айларында аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті 144 отбасында 720 адам алған. Оның ішінде шартты ақ-шалай көмек 92 отбасыға, шартсыз ақшалай көмек 51 отбасыға тағайындалған.
Атаулы әлеуметтік көмек-тің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару, — деді мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі  Зульфия Мырзағұлова.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ӨНЕРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР ЖАРАДЫ

admin_mugalzhar

БАСТЫ МАҚСАТ — НАН БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ

admin_mugalzhar

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar