«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАМАНДАР ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Жұрын ауылдық округінің орталығындағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінде Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жоғары класс оқушыларына арналған «Ұлыңды бөтен үйден тойдырма, қызыңды бөтен үйге қондырма» тақырыбында тәртіп пен тәрбие жайында жиындар өтті.
Жиынға АТТ құрамының мүшесі Анар Абубакирова, аудандық орталық аурухананың гинеколог-дәрігері Гүлжанат Ерғалиева мен психолог маманы Жаналтын Молдашева және салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Светлана Инесова арнайы қатысты.
Ұл балалар мен бойжетіп қалған қыздарға екі бөлек өткізілген бұл жиында электрондық темекі мен алкаголь өнімдерін тұтынудың және жасөспірімдер арасында белең алып тұрған төбелес пен жанжалдың зияны туралы ақпараттар берілді. Электронды темекінің тәуелділік тудырып, жүрек-қан тамырларына әсер етіп, өкпе мен бүйрекке тигізер кесірін, ұзақ уақыт бұл құрылғыны пайдалану қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екенін дәрігер Светлана Сатқанқызы ер балаларға түсіндірді.
Ал жасөспірім қыз балаларға күн тәртібінен түспейтін ерте жүктілік пен жасанды түсіктің зияны туралы айтып, одан бойларын аулақ ұстауды, мектеп қабырғасында жүргенде мейлінше тек оқу-білімге зейін қою керектігін жеткізді. Ал гинеколог-дәрігер Гүлжанат Күзембайқызы ерте жүктіліктің алдын алу үшін отбасында анасының бойжеткен қызымен осы тақырыпта сөйлесіп, сырласудың маңыздылығына мән артты. Әйтсе де, дәрігер бүгінгі қоғамда ұлы ержетіп, қызы бойжетіп келе жатқан отбасының ата-аналары баласына мұндай тақырыпта сөйлесудің қиынға соғатынын ескеріп, осы тақырып жайында қыз балаларға біршама қажетті кеңестерін берді.

Ұқсас ақпараттар

БҰЛАҚТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДА ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

3803 науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.