«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АНАМ РОЗА СҮЙІНШАЛИНА АУДАН ЖУРНАЛИСТИКАСЫНА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ

Біздің анамыз — Роза Сүйіншалина жай ғана журналист емес, ол өз мақалаларында Мұғалжар ауданының қарапайым халқының өмірін таспалап, қамқорлығы мен қуанышының тынысын газет бетіне түсірген уақыт шежірешісі.

Оның мақалалары айна әспеттес. Өзі еңбек еткен жылдарда ауданның өмірін жан-жақты көрсетті. Сондайақ ауыл еңбеккерлерін, еңбек батырларын, қарапайым мұғалімдер мен дәрігерлерді дәріптеп, өз шығармашылығының кейіпкері етті. Оның егістіктер мен фермалардан, мектептер мен ауруханалардан жасаған репортаждары туған жеріне деген шынайы сүйіспеншілікпен және оның жарқын болашағына деген сеніммен өрбіді.

Ол қарапайымдылықтың сұлулығын көре және көрсете білді. Қарапайым болып көрінетін оқиғаларға жаңа өмір сыйлады. Анамның қауырсын қаламы өткір және сөзі дәл, бірақ әрқашан жанашырлық пен түсіністікке толы болды. Алғаш жұмысын машинисткадан бастаған ол журналистика шеберлігін игеріп, тек ақпарат беруші ғана емес, сонымен бірге халықтың дауысы бола білді.

Әкеміз әскери адам болды. Әкемнің қозғалыстарға толы өмірі мен жаңа жағдайлары анамның өмірге бейімделуін бұзбады. Керісінше, мінезін қатайтып, көкжиегін кеңейтті. Айталық, ата-анам Ашхабад, Адамовка, Германия елдерінде тұрған сәтте анам өзінің өмірлік тәжірибесін байытып, жұмысына қажетті құндылықтарды тапты. Бірақ ең бастысы, Роза ана болды. Ол басына түскен ауыр қайғыға, жоғалтқан балаларымен болған оқиғаларға қарамастан, әйелдік көркемдігін, аналық сүйіспеншілігін жоғалтпай, қамқор, шабыттандырушы болып қала берді. Анам үйде жылулық пен жайлылық атмосферасын құра білді. Оның дастарқанында әрқашан жылы сөз бен дәмді тағамға орын болды. Әкем екеуі бізге бар қамқорлығын көрсетіп, көңіл бөліп, мейіріммен өсірді. Бірақ тәртіпке қатты көңіл бөлді. Күнделікті тәртіпті сақтап, тамақтану мен ұйқы уақытын қадағалап, сапалы білім алуымызға баса назар аударды.

Біздің анамыз тек бақылаушы ғана емес, ол өз ауданы өмірінің белсенді қатысушысы болды. Ол өткір сұрақтар қоюдан, тұрғындарды мазалаған мәселелер туралы айтудан қорықпады. Оның сыни мақалалары оқырманын ойландырып, әрекетке итермелеп, өзекті мәселелерді шешуге көмектесіп, естуге мүмкіндігі жоқ адамдардың дауысы бола білді. Әріптестері оны талантты журналист, әрқашан көмек беруге дайын, қағидаларына берік, адал адам ретінде еске алады. Ол ұжымның жаны болды, жылы сөзбен қолдай білді, жаңа жетістіктерге шабыттандырды. Ол өз тәжірибесі мен білімін жас журналистерден ешқашан аяған емес.

Менің ойымша, анамыз Роза Сүйіншалинаның Мұғалжар ауданының журналистикасын дамытуға қосқан үлесі баға жетпес. Оның қаламынан шыққан мақалаларын күні бүгінге дейін оқырмандары қызығушылықпен және құрметпен еске алады. Оның есімі туған өлкенің тарихында мәңгілікке қалады деп есептеймін.

Қызы Эльмира СУЮНШАЛИНА

Ұқсас ақпараттар

Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі әзірленді

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан»: «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

admin_mugalzhar

ZHULDYZDY ZHOL 2025: Қазақстанда жас таланттарға арналған бірегей музыкалық тележоба басталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.