«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қайыңды ауылында электр желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жөндеуге 10 жұмысшы мен 3 техника бірлігі тартылған. Жалпы алғанда 3 тірек ауыстырылып, 920 сызықтық изолятор және 22 400 метр сым жаңартылады.

Бұл жұмыстар Мұғалжар ауданы әкімдігі мен «КазГеоРуд» ЖШС арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылуда. Жобаға қажетті қаржыландыруды аталған компания өз мойнына алды.

Қайыңды ауылының (халқы – 750 адам) электрмен қамтылуы Алтынды ауылынан тартылған электр желісі арқылы жүзеге асады. Жалпы желінің ұзындығы – 35 шақырым. Жоба аясында тозған және зақымданған 7 шақырым желі жөнделмек.

Сонымен қатар, «СапаТелеком» компаниясы ауылға жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылуға арналған магистральді талшықты-оптикалық байланыс (ВОЛС) кабелін жүргізді. GPON технологиясы арқылы көрсетілетін интернеттің жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с жетеді — бұл үй жағдайында ғаламторды пайдаланудың алтын стандарты саналады.

Ұқсас ақпараттар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ОРМАНДА ЕҢБЕК ЕТУДЕ

admin_mugalzhar

«Заң және Тәртіп» қағидаты маңызды жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді – сауалнама

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.