«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті. Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері аудан тұрғындарына тегін құқықтық кеңес берді.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету болып табылады.
Іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудан прокуроры Ерназар Алдияр, Қандыағаш өңірлік көлік прокуроры Айбек Сағындықов сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, полиция, білім, денсаулық сақтау, салық қызметі және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Акция барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған құқықтық сұрақтарына нақты жауаптар алып, заң саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алды.
«Халық заңгері» акциясы тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың заңдық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
