Мемлекеттік кірістер комитеті қараша айына арналған салықтар мен есептіліктер тізімін жариялады.
Негізгі төлем мерзімдері:
• 5 қарашаға дейін – жеке тәжірибемен айналысатындар үшін жеке табыс салығы.
• 20 қарашаға дейін – акциздер, импортқа салынатын жанама салықтар.
• 25 қарашаға дейін – КТС, ЖТС, әлеуметтік салықтар, зейнетақы жарналары, ҚҚС, жер және мүлік салығы, ойын бизнесі, цифрлық майнинг, су және экологиялық төлемдер және тағы басқа міндеттемелер.
Есепті тапсыру:
• 17 қарашаға дейін – III тоқсан бойынша барлық декларациялар (КТС, ЖТС, ҚҚС, ренталық, экологиялық, майнинг және т.б.).
• 20 қарашаға дейін – импорт және жанама салықтар бойынша өтініш.
Салық мерзімін өткізіп алмас үшін сілтемеге өтіңіз.
