«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

Ембі қаласында көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Нысан аумағы 750 шаршы метрді құрайды. Бұл жобаны Мұғалжар ауданы әкімдігінің ұсынысы негізінде ембілік жеке кәсіпкер Жайылхан Сәрсенбаев жүзеге асыруда.

Екі қабатты 10 пәтерлі үй толығымен аяқталса, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты «Отбасы банк» АҚ арқылы Мұғалжар ауданындағы кезекте тұрған тұрғындарға берілетін болады.

Құрылысшылар сапаға мән беріп тұрғындар үшін жайлы заманауи әрі қауіпсіз үй тұрғызуды мақсат етіп отыр. Қазіргі таңда үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Инженерлік жұмыстары толық жүргізіліп, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Ембі қаласында 12 мыңнан астам халық тұрады.

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕПКЕ СЫЙ

admin_mugalzhar

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

Қазақстанда АЭС қолдаушыларының саны артып келеді – сауалнама

admin_mugalzhar