«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚСУЛЫҚ КОМАНДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

Жақында Алматы қаласында өткен республикалық “Jaidarman Junior” ойынында Мұғалжар ауданынан қатысқан Ащысай ауылдық округінің «Ақсу» Жайдарман тобы үздік өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 60 команда қатысып, бірнеше кезеңнен іріктеу нәтижесінде 25 команда ғана қалған. Финалға 9 команда жолдама алып, олардың арасында ақсулық жас жайдарманшылар үшінші орынды қанжығасына байлады.
Бұл — ауылдан шыққан талантты жастардың республикалық деңгейде өздерін дәлелдей алғанының айқын көрінісі.
“Ақсу” тобы — Ақсу ауылдық мектебінің белсенді, дарынды оқушыларынан құралған. Қысқа уақыт ішінде-ақ олар өздерінің ерекше ойлау қабілетімен, сахна мәдениетімен және тапқырлығымен көрермен ықыласына бөленіп үлгерді.
Бұған дейін де команда аудандық және облыстық Жайдарман сайыстарында Бас жүлде иеленіп, жеңіс кубогын өз ауылына алып келген болатын.
Команданың авторы әрі жетекшісі Нұрзат Қайырмағамбет, белгілі “Эконом Класс” командасының капитаны.

Ұқсас ақпараттар

Денсаулық сақтау министрлігі қайта карантин енгізу туралы ақпаратты түсіндірді

admin_mugalzhar

ГАНДБОЛ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

admin_mugalzhar

Такси қызметіне орналастыру үшін 220 мың теңге алған Қандыағаш тұрғыны істі болды

admin_mugalzhar