«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚЫС-2025» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Қандыағаш қаласында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс 2025» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің дайындығын аудан әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелді қарап шықты.
Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында ұйымдастырылды.

Қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимылдар жүйесі пысықталды. Сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен арнайы құрылымдарың әзірлігі тексерістен өткізілді.

Ұқсас ақпараттар

«ҚАУІПСІЗДІК БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ОНКҮНДІГІ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

Жастар – келісім мен татулықты құраушы күш

admin_mugalzhar

Міндетті медициналық сақтандыру: Жаңа заң – жаңа мүмкіндіктер

admin_mugalzhar